Бұл бетте «Жаның бір жұмбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сылдырап ағады бұлақтар,
Шағылып күнге.
Сыбдырап бағады құрақтар,
Қосылып бірге.
Қарақат көзіңе қараймын,
Бұлақтай мөлдір.
Үніңді үніне балаймын,
Бұлбұлсың сен бір.
Қызғалдақ жайқалып шығады
Көктемде қырға.
Көзіңде – күміс күн шуағы,
Құлақта – сырға.
Шолпандай жап-жарық жанарың,
Жаның бір жұмбақ
Мен шексіз мол ләззат аламын,
Әніңді тыңдап.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі