Қазақтың арулары – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазақтың арулары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 9036
Сымбатты, сұлу ғажап тым,
Қыздары қандай қазақтың.
Көрмесе сағындырған,
Көркімен табындырған.
Аққудай арулардың,
Жолында жаным құрбан.

Қайырмасы:
Инабат, парасаты,
Көркіне жарасады.
Ай нұры арулардың,
Таңменен таласады.

Мәрмәрдай аппақ мүсіні,
Сыйлаған үлкен-кішіні.
Жайдары жазық маңдай,
Үнінен наз ұққандай.
Қазақтың арулары-ай,
Ибалы, нәзік қандай.

Қайырмасы.

Күлкісі күміс күмбірлі,
Шолпысы бұлақ сыңғырлы.
Қазақтың арулары-ай,
Жұлдыздай жанулары-ай.
Тербетіп жүректерді,
Ән болып қалулары-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері