Батыр Бауыржан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Батыр Бауыржан» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 1
  • 14662
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Кеудесінде керемет күш, намысы,
Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.

Қайырмасы:
Ер Бауыржан халықтың жүрегінде,
Ер Бауыржан халықтың тілегінде.
Ер Бауыржан тарихтың тірегінде,
Ер Бауыржан өлмейді бұл өмірде.

Түсірмек боп құлдық бұғау-қақпанға,
Елімізге ентелей жау шапқанда,
Қазағымның қаһарманы Бауыржан
Топты бастап, тас түйін боп аттанған.

Қайырмасы:

Бауыржанның асқақ айбар, ақылы,
Мадақтаған алыс пенен жақыны.
Жасай берер ғасырлардан ғасырға
Қазағымның қайталанбас батыры.


Пікірлер (1)

Аяна

Керемет, сөзі оңай және аз, Б. Момышұлыны еске алдырады.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері