Бұл бетте «Гүлденген Жаңақорған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Бексұлтан Байкенжиев
Қаратаудың бөктерінде,
Қанат жайып көкке өріле.
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді.
Ей, жарасымды қала болған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Ақ маржандай күріші бар,
Шалқып тасқан ырысы бар,
Қойыны толған кендері бар,
Мал қаптаған белдері бар.
Ей, жайлауына жаңа конған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Даңққа белеп ер енбегі,
Өркендеген өрендері.
Ел қараған шын құмартьш,
Бір күнінен бір күні артық.
Ей, барар жолы сара болган,
Жаңақорған, Жаңақорған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі