Ақ қайыңым - аңсарым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ қайыңым - аңсарым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2633
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Ақ қайыңым, тұрушы едің керіліп,
Торғын шашың тобығыңа төгіліп.
Қайда кеткен сол қуаныш, сол үміт?
Енді бүгін еңсең түскен егіліп.
Ақ қайыңым, көктем едің, гүл едің,
Еркешіммен еркелеп кеп жүр едім.
Енді бүгін неге сонша жүдедің?
Менің-дағы мұңға толы жүрегім.
Ақ қайыңым, аңсарым ең, әнім ең,
Арайланып атқан алтын таңым ең.
Адасып қап бақытымның бәрінен,
Аңсап жүрмін алаңдаумен әлі мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері