Өлең, жыр, ақындар

Ағыл-тегіл жылашы қыз

  • 18.01.2022
  • 0
  • 0
  • 644
Ағыл-тегіл жылашы қыз, ақ моншағың жерге тамып,
Ағыл-тегіл жыласын бұлт, көк моншағы
көлге тамып...
Жылашы бір, кешкі қырда шығып тұрып
жол басына,
Құты қашқан мынау әлем тұншықсын сол
көз жасыңа.
Аза тұтқан иесіз бақтың жүзін бірге бүркер қайғың,
Жұбатар деп күтпе мені, көңіл жасын сүрте
алмаймын.
Мұңлы өмір моласынан құстар ұшар қара бауыр,
Ол туралы ойлану да, жыр жазу да маған ауыр.
Есіл бойы ескі лашық етегін жел жұлмалаған,
Аңызға елітіп алжасқан деп жеткіншек қыз
күлме маған.
Бұл өмірді мұңмен сезу – бізге берген ұлы бақыт,
Берейінші саған қалқам Рудаки жырын оқып.
Онсыз сүркей заман мынау қос көзінен
сорасы аққан,
Не күтеміз бүгіннен біз, не күтеміз болашақтан?...
Қасіретіңді түсінемін, оған жасып қалма көкем,
«Сорқұдықтың басына әкең сорға бола
қонған екен...»
Ерте ашылған бәйшешегің мезгіл жетпей
солған екен...
Өзі жайсыз өмірде бұл бір жайсыздық болған екен...
Баяғыда...
Мас күндері бізде атып ек көп елікті,
Мезгіліне жетпей тұрып жұлдық талай
көк өрікті.
Бір қызбалық өткен шығар, енді сонша
не болыпты,
Өткен сәттік өкінішке біз айтпаймыз төрелікті.
Мынау байтақ кеңістікте өткенді іздеп болдырма,
айым,
Тұманды орман жиегінде жалғыз өскен мен
бір қайың.
«Отызға келген жасым бар,
Ойпаңда өскен басым бар.
Орманды жерде ойланған,
Ормансыз жерде толғанған,
Есілге кеп есін жиған, даңғылға кеп досын жиған,
Құр даңққа құлдық ұрмай жыр жолына
басын қиған».
Міне солай, жеткіншек қыз!
Сұрар болсаң біздің жайды,
(Ескі көктем махаббатын көз жасымен қыз
жырлайды).
Ағыл-тегіл жылайды ұзақ, ақ моншағы жерге тамып,
Ағыл-тегіл жылайды бұлт, көк моншағы
көлге тамып...
...Мың жыл бойы бұл өмірдің болған әркез
төсі қайқаң,
Батады әркез осылай күн, атады әркез осылай таң.
Көктем сайын көздің жасын төгіп келген бала қызға,
«Ағыл-тегіл жылап ал да, жыр оқы!» деп
ақыл айтам...

16. 03. 2010 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ой буып мен жайлы ғана

  • 0
  • 0

Ой буып мен жайлы ғана,
Маңайлап ошақтың қасын.
Сағыныш шерін төктің бе, Ана,
«Ағарып мың құлаш шашың?!»

Толық

Жетім күз және мен

  • 0
  • 0

Жазайын тағы да жыр,
Сен менің мынау көңіл бағыма кір.
Күрсініп күзгі өзен жатыр ағып,
Анасы өлген жетімнің зары ма бұл?!

Толық

Батқан ай. Байғыз жыры

  • 0
  • 0

Алқымнан алып мүлде арқан қайғы,
Қайғының уын ішем қалқам жайлы.
Қара түнде қанатын алыс сермеп,
Саздыбұлақ бойынан ән саулайды.

Толық

Қарап көріңіз