Кеш жарық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кеш жарық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 2
  • 9904
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Кел, балақай, кеш жарық,
Қалып жүрме кеш қалып.
Кеш жарықты бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.

Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

Қайырмасы.

Құшақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер – алдыңда.

Қайырмасы:

Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
Кеш жарықты көріп бір.
Енді жайлап жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.


Пікірлер (2)

Дана

Күшті

акбарыс

оте кушти магак озиме унады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері