Атамның әлдиі

Бұл бетте «Атамның әлдиі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3929
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Баламның сенсің баласы,
Ешкімнің жоқ-ау таласы.
Отырсың ойнап алдымда,
Көзімнің ақ пен қарасы.
Жауғанда жаңбыр себелеп,
Тынысын алар көбелек.
Көзіңді ілші, боташым,
Ұйқыдан өзге не керек?
Қызығыңды көрер ем,
Жілік шағып берер ем.
Маған салса, немерем,
Шөберемді көрер ем.
Тоймадың ғой, бал-бала,
Шекерге де, балға да.
Өтірік ұйқтап, атаңды
Алдамашы, алдама.
Курортта жүр ғой көкешің,
Қыдырып сен де кетесің.
Балаңды тастап әкеңе,
Қарызынды өтерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атамның әлдиі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Атамның әлдиі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атамның әлдиі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атамның әлдиі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері