Менің даусым

Бұл бетте «Менің даусым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 872
Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!
Жаңғырып, қырды кезсе, даланы асып,
Үнімде болмай ешбір ара қашық.
Жалғассам уақыттың ырғағына,
Дамылсыз тіршілікпен араласып.
Ән төккен, көмейінен бұл күнге ашық,
Даусыма болса менің бұлбұл ғашық.
Күн сүйген тыныштықпен жазықтағы,
Тербелсем, ақ бидаймен сыбдырласып.
Жер бетін көкірегіммен көріп күнде,
Айналсам, бір керемет көрікті үнге.
Байлықтың қазанында жатсам қайнап,
Ойларым әппақ қоймен өріп бірге.
Тұратын маңдай тосып түз өтінде,
Кеудесін ұрпақ үшін із етуге.
Аналық жүрегімнің дүрсілімен,
Біргемін бейбітшілік күзетінде.
Жарықтай жарып шыққан бұлт ішінен,
Көпке ортақ, құбыламын күн түсімен.
Естілер менің даусым еш алаңсыз,
Сәбидің кәусар бұлақ күлкісінен.
Жазамын ұлы дәуір дастанын мен,
Тіл қатып, ақ таңдарға асқақ үнмен.
Мен баймын, өмірлімін, бақыттымын,
Осынау туған жермен, аспаныммен.
Жанымды арман құмар, үміт құмар,
Жылдарым жолға салып шынықтырар.
Ақ көңіл адам барда жер бетінде,
Әрқашан менің орным биік тұрар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің даусым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Менің даусым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің даусым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің даусым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері