Қара қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қара қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3217
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Бір ауылда бір өсіп бала кезден,
Өзіңе деп гүл теріп, дала кезгем.
Өзегімді өрт шалып кетуші еді,
Қарағанда қиыла қара көзбен.

Қайырмасы:
Қара қыз, қара қыз,
Ақылды қыз, дана қыз.
Жақын тартып барады
Күннен-күнге арамыз.

Қара шашың қос бұрым өрілетін,
Өрілетін – тобыққа төгілетін.
Қара қыз деп жүрсе де жеңгелерің,
Жүзің маған айдай боп көрінетін.

Қайырмасы.

Қара деген қастерлі бір ұғым ғой,
Қарақаттай көздерің – тұнығым ғой.
Қараторғай секілді қарындасым,
Жүрегімді жандырған қылығың ғой.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері