Жол үстінде жолықтық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жол үстінде жолықтық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1395
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Дөңгеленген кең далаға
Тұрдың қадап көзіңді.
Үнсіз қалу жөн бола ма?
Сөзге тарттым өзіңді.

Қайырмасы:
Барлық адам бір-бірімен
Жол үстінде жолыққан.
Махаббаттың күмбірімен
Өмір күйге толыққан.

Қатарласқан қалпымызда
Жол үстінде жарастық.
Ақ түн қалды артымызда,
Келер күнге қарастық.

Қайырмасы.

Аяқталмас сапарымыз,
Алыс-жақын алмасар.
Ажырамас қатарымыз,
Арманымыз жалғасар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері