Байқоңыр вальсі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Байқоңыр вальсі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3113
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Мен үшін Мекке – жәннат,
Өзіңсің туған жерім.
Әнім көкке самғап,
Белімді бұған жерім.
Байқоңыр – асқақ әнім,
Шалқимын, шаттанамын.
Менің дастан әнім,
Өзіңмен мақтанамын.

Қайырмасы:
Арайлап атқан ай, күні,
Байқоңыр – қазақ айбыны.
Жер менен көкті жалғаған,
Әлемге аты әйгілі.
Аялап әсем ән құсын,
Қырандар көкте қалқысын.
Билейік, достар, билейік,
Байқоңыр вальсі шалқысын.

Көңілім алып ұшқан,
Жүректен жарып ұшқан.
Саған – Алтын далам,
Ән жаздым сағыныштан.
Болсыншы халқым да аман,
Ақкөңіл, аңқылдаған.
Ғарышқа қанат қағып,
Жасай бер! Жарқын қалам!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері