Мама

Бұл бетте «Мама» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4056
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Айналайын анашым,
Күнім де сенсің,
Гүлім де сенсің,
Үнім де сенсің.
Айналайын анашым,
Санам да сенсің,
Панам да сенсің.
Көздерің шамдай,
Сөздерің балдай.

Қайырмасы:
Мама!
Анашым, өркенім де сен,
Ертегім де сен,
Көркемім де сен.
Мама!
Анашым, жанашырым сен,
Жан асылым сен,
Ән асылым сен,
Қасыңдамын мен.

Айналайын анашым,
Жүрсем де шалғай
Бір сен деп самғай,
Ұшамын талмай.
Айналайын анашым,
Тірегім анам,
Бір өзің панам,
Әлі күн, мама,
Сәбимін саған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мама өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері