Өлең, жыр, ақындар

Көліктегі көрініс

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1155
Қызғаныш деген қызыл ит
Ішіңе жайлап кіреді.
Ниетіңді түзу бұзып ит,
Жүректі тіліп үреді.
Менде де болды қызғаныш,
Жасырам оны несіне?
Болмағанымен қыз таныс,
Қарадым оған тесіле.
Келеміз көлік ішінде,
Көңілді бұрған кім өзі?
Періште сынды пішінде
Отырды сол қыз бір өзі.
Келсе де барғым қасына,
Әдептен аса алмадым.
Қиылған қара қасы да
Секілді әппақ арманым.
Енді бір сәтте қасына
Қонжиды барып қара дәу.
Ыстық қан шапшып басыма,
Өртеніп жаным барады-ау.
Қара дәу қызға бұрылып,
Бірдеме айтқан болады.
Қызғаныш итім тұр ұлып,
Тонады-ау жанды, тонады.
Алдағы аялдамада
Қара дәу түсті-ау ақырын.
Баруға қызға жанама,
Жетпеді, бірақ, батылым.
Сөйткенше болмай, қасына
Бір жарбақайдың қонғаны.
Айтқаным емес асыра,
Тонады жанды ол-дағы.
Қыз болса жарқын қалпында,
Оған да отыр тіл қатып.
Мен болсам қыздың артында,
Жанамын жанды бұрқатып.
Не деген ұзақ өмірдің
Бітпейтін белең-белесі?
Жеңілдеп еді көңіл тым
Аялдамада келесі:
Жарбақай-дағы жалп етіп,
Секіріп кетті көліктен.
Жанардың оты жарқ етіп,
Айрылдым жігір, еріктен.
Сол қызды санап бағыма,
Тұрса да жаным лапылдап,
Алайда, оған тағы да
Алмадым бара жақындап.
Бір сары сол кез сол қызға
Шаяндай болып жабысты.
Қызғаныш иті сол тұста
Алай да түлей алысты.
Періште қызым оған да
Күлімдеп қана қояды.
Тілеймін іштей: «О, Алла,
Тілегім қабыл болды ма?».
Шаян да түсті көліктен.
Қысқартып ұзақ жолды да,
Өзім де түстім көліктен.
Көңілім мұңға толды да.
Қоштасып қызбен тек қана,
Қолынан сүйіп қалдым мен.
Жүрекке сол сәт от қалап,
Мәңгілік қызу алдым мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көздерің күрсіндірді күлімдесе

  • 0
  • 0

Көздерің күрсіндірді күлімдесе,
Сөздерің сілкіндірді күбірлесе.
Жанарың жарып өтіп жүрегімді,
Анарың аһ ұрғызды дірілдесе.

Толық

Кім күшті?

  • 0
  • 0

Қара судың қабағы,
Бетінде ойнап шабағы,
Балықшының қармағын
Балық жиі қабады.

Толық

Елікпе

  • 0
  • 0

Қалпағын киіп шет елдің,
Қызуын бастың шекеңнің.
Көйлегін киіп шет елдің,
Қолшатырын көтердің.

Толық

Қарап көріңіз