Мүгедектер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мүгедектер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2117
Автобусқа алаңдамай міне кеп,
Амалсыздан ығысасың түрегеп.
Сен қалайша отырасың жалпиып,
Қарсы алдыңда тұрса аяқсыз мүгедек?
Көппен бірге дүкенге де кіре кеп,
Ұсынасың кезегіңді,
«Міне», – деп.
Сен қалайша жібермейсің алдыңнан,
Қалт-құлт етіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Қонақүйге кешеуілдеп кіре кеп,
Ниет қылсаң мейман болып түнемек.
Сен қалайша жата аларсың жайланып,
Орын күтіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Кейде асығыс такси ұстап кірелеп,
Бола қалсаң іс тындырмақ бір ерек,
Сен қалайша жүріп кете бермексің,
Көлік күтіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Көрген сайын жүрген жанды жүрелеп,
Жүрек жылап,
Көңілім тым жүдемек.
Сен қалайша өте аларсың алаңсыз,
Қарсы алдыңда тұрса аяқсыз мүгедек?
Мүгедекті мүсіркеме, сыйлағын,
Ол бекерге сындырған жоқ сирағын.
Сойқан соғыс талай тәнді талқандап,
Түсін, жаным,
Көп өмірді қиғанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүгедектер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мүгедектер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүгедектер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүгедектер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері