Жақсылық көрсем – көлдеймін

Бұл бетте «Жақсылық көрсем – көлдеймін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6168
Жақсылық көрсем – көлдеймін,
Жамандық көрсем – шөлдеймін.
Жақсылық үшін жадырап,
Жанымды жырмен тербеймін.
Жамандық үшін азынап,
Жылы бір қабақ бермеймін.
Жақсыға жаным құмар-ай,
Жайылам оған тым оңай.
Жұлқысып келем тек өктем,
Жаманның алдын мың орай.
Жүремін осы себептен,
Жақындарыма да ұнамай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылық көрсем – көлдеймін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жақсылық көрсем – көлдеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылық көрсем – көлдеймін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылық көрсем – көлдеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері