Кемсітуге қақың жоқ, кем жаралған қай жерім? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кемсітуге қақың жоқ, кем жаралған қай жерім?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2318
Кемсітуге қақың жоқ, кем жаралған қай жерім?
Басқалармен барабар барлық мүшем сай менің.
Егескенмен егесем,
Теңескенмен теңеңсем,
Тежей алман тізгінін өмір атты бәйгенің.
Бетіме айтқын, ағайын, жаманымды жаман деп,
Түзетермін табанда, жатса егер шамам кеп.
Қол бергенге – жол берем,
Өң бергенге – төр берем,
Мүсәпір деп аяма, қарағын тек адам деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері