Туғаннан талабымды тұлпар қылып – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туғаннан талабымды тұлпар қылып» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1337
Туғаннан талабымды тұлпар қылып,
Ұшырдым үмітімді сұңқар қылып.
Сұлулық, сымбаттылық атаулыға
Тәңірім қойған мені іңкәр қылып.
Сүйемін түздің кербез киігін де,
Еркелеп еркін өскен биігінде.
Аңы да табиғаттың алуан түрлі,
Бірінен бірі көркем үйірінде.
Сүйемін күмбірлеген күй үнін де,
Адамның жарасымды киімін де.
Ізгілік – іздегенім,
Дүниеде
Бәрі де жаратылған сүйінуге.
Қақым жоқ қиянаттан күйінуге,
Біреуге қастық ойлап, түйіліуге.
Алдында әсемдік пен әділдіктің
Келемін тал шыбықтай иілуде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері