Сені көріп айрылдым бар еріктен –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Сені көріп айрылдым бар еріктен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені көріп айрылдым бар еріктен,
Сенің сөзің мұз жанымды еріткен.
Сұрау салып қыр соңыңнан қалмаспын,
Қайда барсаң, көлеңкеңдей еріп мен...
«Сұлулардан» жүрген кезде жеріп мен,
Сен кездестің өзгеше бір көрікпен.
Қайда барсаң, өзің жүрген жолменен
Бірге барам, жетім лақтай еріп мен...
Күтем сені атар таңмен, кешпенен,
Үмітімнің ұшқынысың өшпеген.
Өзің тұрмақ, өміріме мен сенің
Ер тұлғалы елесіңді ес көрем...
Аялаған бағыңда бар өз гүлің,
Айта алмаймын батып саған сөз бүгін.
Бетпе-бетте мен еңкейіп өтсем де,
Сен еңкейме, еңкейгенің ездігің...
Көз алдымда бүкіл дүние айналып,
Жұлдыз қарар, ақ айдынды айна ғып.
Қос жүректің ортақтасып сырына,
Ақша бұлтпен бетін бүркер ай барып...
Ақ самалдай көкірегіме келіп кір,
Сендік сезім гүлдеп әлі өніп тұр.
Көктем алып келеріңе сенем мен,
Алаулаған жүрек таңы болып бір...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі