Күн мен түн

Бұл бетте «Күн мен түн» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2663
Күн – күйім,
Күн – тынысым,
Күн – тірегім,
Күн – бақыт,
Күн – шабытым,
Күлкі-лебім.
Қосылып ұлы өмірдің дүбіріне,
Күн барда қуаттандым,
Дүркіредім.
Түн – түйін,
Түсінбеймін түн түнегін,
Кірпідей тікірейтіп түрпілерін,
Тыныстап жатқан тыныш тіршілікті
Жүргендей болады ылғи тінтіп өлім.
Тірлікте тыным таппай безілдеген,
Оңаша өзім қалып өзімменен,
Күндізгі көп сұмдықтар жанымды жеп,
Кездерім аз болған жоқ көз ілмеген.
Күдік пе?
Қауіп пе әлде?
Етек алып,
Қайдағы үрейлі үндер жете қалып,
Сәл ғана бостығыңды пайдаланып,
Тылсым күш құшағына кетеді алып.
Азап па?
Ауру ма әлде?
Арпалысып,
Талықсып,
Үміт нәрін тамсап ішіп,
Өң мен түс арасында жатамын бір,
Қызықты күндеріме аңсап ұшып.
Түрлі ойдың тұншықтырып алапаты,
Булығып барып-барып таң атады.
Жақтаушым, жаратушым – жарық тірлік
Бойдағы бар күдікті таратады.
Күн – күйім,
Күн – тынысым,
Күн – тірегім,
Күн – бақыт,
Күн – шабытым,
Күлкі-лебім.
Қосылып ұлы өмірдің дүбіріне,
Күнменен қуаттандым,
Дүркіредім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн мен түн өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күн мен түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн мен түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн мен түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері