Қасиетті ана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қасиетті ана» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3555
Анам мені құрсағында көтерген,
Көтерген де, көңіліме от өрген.
Менің бүкіл тірлігімнің төлеуі
Анашымның құрсағында-ақ өтелген.
Анам мені орап алған жөргекпен,
Аялаған, бесігімде тербеткен.
Күн нұрындай мейірінен ананың
Өшпейтұғын қуат алып, ер жеткем.
Анам менің кекілімді тараған,
Баға жетпес асылына балаған.
Қай ауылда, қай түкпірде жүрсем де,
Тағат таппай, жолыма ұзақ қараған.
Өмірдегі үлкен-кіші бар адам
Ана деген абзал жаннан тараған.
Әлемдегі тіршіліктің тұтқасы –
Айналайын қасиетті анадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері