Самайға сәуле түсіп күміс қырау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Самайға сәуле түсіп күміс қырау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1896
Самайға сәуле түсіп күміс қырау,
Жетпістің жотасында тұрыс мынау.
Қалдырып балалық пен шалалықты,
Көз салып өткен күнге, құрыстым-ау.
Уақыт өз дегенін тыңдатуда,
Ұршықша ғұмырымда зырлатуда.
Ендігі алаңсыздық алып соғар,
Болмайды бір минут та ұрлатуға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері