Өлең, жыр, ақындар

Саққұлақ би

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1328
Саққұлақ би:
Адамның басшысы – ақыл деген,
Дос болма бауыр басып кәпірменен,
Жолдас болып, айбалтаң болмаса егер,
Суға батып тынады ақыр кемең.
Саққұлақ би:
Адамның жетекшісі – талап деген,
Айналамды аңғарып қарап келем.
Бір ажалы болғасын Аллаһ-Құдай,
Адамды қалай қиып жаратты екен.
Саққұлақ би:
Адамның жолаушысы – ойы деген,
Ой болмаса, өлшенер бойы немен,
Бар болсаң да, әлбетте,
болмасаң да,
Бұл өмірдің тарқамас
тойы сенен!
Саққұлақ би:
Адамға жолдас болар – кәсіп деген,
Кәсіппен байлар болған тасып бекем.
Алдын ажал күткесін
бұл адамдар
Неліктен келер күнге
асықты екен.
Саққұлақ би:
Адамның қорғанышы – сабыр деген,
Сабыр сақтап жасайсың дәуірменен.
Тіршілікте салмағың бар ма, жоқ па,
Өлшенеді бұл өмір қабірменен.
Саққұлақ би:
Адамның қорғаушысы – мінез деген,
Зат емес салыстырар бұл өзгемен.
Талай өткел көпірден алып шығар
Табиғат, өмір берген мінездемең.
Саққұлақ би:
Адамның сынаушысы – халық деген,
Келеді алып жер атты алып кемем.
Жұртымның сын көзінен таразылап,
Мен өзімді халқыммен танып келем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңғы күн

  • 0
  • 0

Бір ойлар тұңғиыққа батырды кеп,
Қия алмай отыр қазір ақын жүрек.
Бір айдың соңғы күні тұр алдымда,
Түн ауа қоштасады ақырғы рет!

Толық

Айналайын махаббаттым жанымда

  • 0
  • 0

Айналайын махаббаттым жанымда,
Талай күндер айналды ғой сағымға.
Таудан аққан өзенменен бірге ағып,
Қалқып ағып келе жаттым ағында.

Толық

Қариям

  • 0
  • 0

Үлкендік деген,
Кісілікке бастайтын жол,
Үлкендік деген,
Асып та таспайтын жол.

Толық

Қарап көріңіз