Түн тәтті шапағаттай – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Түн тәтті шапағаттай» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 880
Түн тәтті шапағаттай,
Көршілес купедегі,
Қос екі махаббаттай,
Теңізге құя ала ма,
Қос өзен қатар ақпай.
Құс атар мергендердей,
Сезім өрт атар оқтай.
Аймалап жөнеледі,
Өмірде қата жоқтай.
Кеудеңнен итергені,
Соғылған шапалақтай.
Өмірде өмір бар ма,
Түн тәтті шапағаттай.
Көршілес купедегі,
Қос екі махаббаттай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері