Ыстық көлде – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ыстық көлде» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1154
Ыстық көлде –
ыстық сезім кештім мен,
Дос болса да,
бөлісе алмас ешкіммен.
Көз алдыма елестетті дәуренді,
Балауса шақ –
бала шақта ес білген.
Ыстық көлдің
айдынында шомылдым,
Шомылу ғой –
бар қызығы өмірдің.
Күннің сұлу
шуағы боп төгілдім,
Нәрінен алып
көгілдір көк – көгімнің.
Жүздім тарап толқындардың
бұрымын,
Құмға аунап бойға тарттым
жылуын.
Ыстық көлдің ыстығын-шы,
ыстығын,
Ыстық көлдің сұлуын-ай,
сұлуын.
Жүрегіме – аққулы әсем
жыр қонды,
Бәрі тарих, кімдер көрді, кім болды.
Несі керек, Бәрін айтты, бірін айт,
Ыстық көлде –
есте қалар күн болды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері