Поезд бұл заулап аққан – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Поезд бұл заулап аққан» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 867
Поезд бұл заулап аққан,
Сезімді жаулап аққан,
Қос жүрек бір купеде,
Ұйқысыз аунап атқан.
Сезімдер қол жетпейтін,
Сонау бір тауда жатқан.
Қос жүрек бір-бірінсіз
Өз-өзі дауға батқан.
Өмір ғой, өмір деген
Поезд ғой заулап аққан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері