Есіңде бар ма? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Есіңде бар ма?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаз өтті талай,
Жайқалды нулар.
Арада жылжып
Барады жылдар.
Көшті ғой бұлттар,
Өсті ғой гүлдер,
Есіңде бар ма
Балауса күндер?!

Қайырмасы:

Есіңде бар ма
Балауса кездер,
Шоқ болып жанған
Қарақат көздер.
Дуылдап дене,
Балқыған өмір,
Балапан құстай
Толқыған көңіл.

Қызғалдақ қуып
Қырмызы белден,
Желбіреп қырда
Жарысып желмен.
Қайтатын едік
Сағымды бойлап,
Алаңсыз күліп,
Армансыз ойнап.

Қайырмасы:

Қараса біреу,
Жанарын сүзіп,
Көрінер еді
Дүние қызық.
Аңсайды көңіл,
Аңсайды бүгін –
Бейкүнә сәби
Балауса күнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері