Өлең, жыр, ақындар

Атақ

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2220
Атақты алып жатыр, беріп жатыр,
Ол атақ кімге қалай келіп жатыр?
Тасада шын таланттар қалып қойып,
Қызықты жағымпаздар көріп жатыр.
Арсыздар арамдарды ағалайды,
Жылпостар жақындарын жағалайды.
Өнерге өрелері жетпегендер
Қалайша өздерін зор бағалайды?
Талантты топ ішінде танып-көрген,
Бағасын баяғыдан халық берген.
Орынсыз ондай атақ кімге керек,
Көкесі не ағасы алып берген?
Алтынды ешқашанда тот баспайды,
Ел жүрген сүрлеу жолды шөп баспайды.
Біреудің сүйеуімен алған атақ
Уақыт өте келе боққа аспайды.
Ешқандай ала қойған атағым жоқ,
Ешкіммен ала бөтен шатағым жоқ.
«Өзіммен бірге өлмесін өлеңім» деп,
Күтемін келер таңның атарын тек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол үстінде жолықтық

  • 0
  • 0

Дөңгеленген кең далаға
Тұрдың қадап көзіңді.
Үнсіз қалу жөн бола ма?
Сөзге тарттым өзіңді.

Толық

Ақын – елдің еркесі

  • 0
  • 0

Ақын – елдің еркесі,
Ақын – төлдің серкесі.
Қайда барса, ақынды
Қарсы алады өлкесі.

Толық

Абай қойдық атыңды

  • 0
  • 0

Айналайын, Абайым,
Атқан таңым –
Арайым,
Абай қойдық атыңды,

Толық

Қарап көріңіз