Біздің күрес
Бұл бетте «Біздің күрес» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Мынау өмір күрестерден құралған,
Күрестермен орындалған ұлы арман.
Қан төгілген топырақтан – құнардан
Қызғалдақтар бойын түзеп, бұралған.
Күреспенен өткен батыр бабалар,
Күреспенен өткен асыл ағалар.
Жеңістердің желбіреген желегі –
Бүгінгі бар бақытты ұрпақ – балалар.
Күрес, күрес көз ілместен сәтке бір,
Күрестермен тамсандырған тәтті өмір.
Талай боздақ ағып түсіп жұлдыз боп,
Қимастықпен киіп кеткен ақ кебін.
Біздің күрес ол күрестен басқалау:
Жолдар жасау, үйлер салу, тас қалау.
Мылтық атып, құс құлатса әлдекім,
Одан артық болмақ емес басқа жау.
Біздің күрес жүріп жатыр тынбастан –
Әсем әуен, үндестік пен жыр-дастан.
Самаладай сансыз қала оттары,
Төбемізде төңкерілген түнгі аспан.
Біздің күрес – жеңістерге құштарлық,
Болмақ емес онда күндеу, іштарлық.
Керенаулық, бойкүйездік, босаңдық –
Бұл дәуірде барып тұрған дұшпандық.
Біздің күрес – жүйріктік пен ерендік,
Біздің күрес – биіктік пен тереңдік.
Ер атандық, еңбекпенен елендік,
Күрестермен бақыттарға кенелдік.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі