Талғарға сәлем

Бұл бетте «Талғарға сәлем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1539
Сәлем бердік сәнді қала Талғарға,
Абзал ана, ақсақалды шалдарға.
«Тамашаның» тарландары талайдан
Ынтық еді осындағы жандарға.
Алматының інісіндей бұл қала,
Қыста әппақ, жазда жасыл, гүл қала.
Нар түйенің өркешіндей өріліп,
Алып тұлға Талғар шыңы тұр дара.
Талғардың да толып жатыр батыры,
Табиғатын жырлаған сан ақыны.
Тыным таппас түлетсем деп Талғарды,
Алдымызда отыр, әне, әкімі.
Мұнда өнердің жанашыры Берік бар,
Берік барда ән менен жыр, желік бар.
Келіп отыр өздеріңді құттықтап,
«Тамашаның» тарландарын көріп қал.
«Тамашаның» жөні бөлек ұқсаңдар,
Жиырма жаста, бұл отауды құптаңдар.
Талмай тартып келе жатыр нар жүгін,
«Тамашаның» бас бапкері Лұқпан бар.
Өнерімен таңдандырған бар елді,
«Тамашаны» тамашалап қал енді.
Жаны жарқын, таңы алтын арайлы,
Талғарлықтар, қабылдаңдар сәлемді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талғарға сәлем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Талғарға сәлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талғарға сәлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талғарға сәлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері