Шопан туралы ода – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шопан туралы ода» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2024
Мадақтасақ мадақтайық шопанды,
Шопан жайлы шырқатайық от әнді.
Шопан бүгін – екінші тың ерлері,
Еңбегімен дүбірлеткен Отанды.
Байлар бұрын қорласа оны малшы деп,
Мал соңында жүретұғын жалша деп,
Ақын бүгін жырын арнап жарасты,
Асқақтата әндетеді әнші көп.
Өйткені, ол ардақтысы елімнің,
Үддесінен шыға білген сенімнің.
Бір отардан екінші отар өргізіп,
Гүл жайнатқан кең жайлауын жерімнің.
Шопан бүгін дәуірледі анық бір,
Еңбегімен ерен күшін танытты.
Шопан бүгін қалаулысы халықтың,
Алтын таққан Еңбек Ері даңқты.
Жыл он екі ай шопанда еш жоқ тыным,
Маңдай тері биіктеткен шоқтығын.
Тыным таппай, түн ұйқысын төрт бөліп,
Ат үстінде тұтатады оттыған.
Ерте барып сонау ерте көктемде,
Бір қарбалас басталады бөктерде.
Шопан содан түріп тастап білекті,
Жанданады жету үшін көп төлге.
Төл науқаны аса қымбат шақ бөлек,
Қозыларға күтім керек, бап керек.
Ерте отығып, өссін десең марқайып,
Енесінен ерте айырып, бақ бөлек.
Ойламаңдар шопанға жаз жайлы деп,
Қуалайды көлеңкелі сайды деп.
Бұл шақта да жұмсайды ол бар күшін,
Шығу үшін қойы күйлі, майлы боп.
Қауырт кезең шопан үшін күз-дағы,
Ысқырады бораны мен ызғары.
Жүреді ол өкпек желдің өтінде,
Жігеріне жігер беріп ізгі ары.
Қарашада қалтыратып иектен,
Қара суық өтсе-дағы сүйектен,
Шопан оның біріне де қыңбастан,
Қойын күйлі өткізеді күйектен.
Қаһарлы қыс қатаңдығы аян-ды,
Кешпейді ол аңғалдық пен аяңды.
Күні бұрын қамдамасаң маяңды,
Бола қоймас еткен еңбек баянды.
Бірде аяз, бірде боран-бұрқасын,
Бүркеп алар даланың қыр-қырқасын.
Отарының ортасынан көресің
Шопанның сом заңғар биік тұлғасын.
Шопанның сом заңғар биік тұлғасын
Ақын қауым ақтарыла жырласын.
Шопан жайлы айтылар сөз тынбасын,
Шопан жайлы әнді әлем тыңдасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопан туралы ода өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шопан туралы ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопан туралы ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопан туралы ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері