Өлең, жыр, ақындар

Жібек жолы

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2667
Менің жолым – Жібек жолы жалғасқан,
Менің жолым – жүрек жолы ән-дастан.
Жалғастырып Батыс пенен Шығысты,
Жүріп келем, жүріп келем талмастан.
Жібек жолы дарынымды дамытқан,
Тал бойыма игілікті дарытқан.
Жібек жолы – өмірімнің өткелі,
Жақсы менен жамандықты танытқан.
Сол арқылы Еуропаға жол аштым,
Жол ашқанда айқара аштым, мол аштым.
Үнін тыңдап Штраус пен Моцарттың,
Жырын ұқтым Гете, Гейне, Томастың.
Жібек жолда шәкірттерім есті боп,
Дүниенің жұмбақтарын шешті көп.
Қазағымды бір мысқал да кемітпей,
Өз тіліммен бастап келем көшті көп.
Жібек жолым жалғасады, бітпейді,
Бақытыңды болашақтан күт дейді.
Жалықпасам, жетем түбі мақсатқа,
Алтын аптап, күміспенен күптейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлт

  • 0
  • 0

Көрген сайын аспанда
Ала шарбы бұлтты,
Әжем түткен ақшамда
Елестетем түбітті.

Толық

Мырзан Мырзаға

  • 0
  • 0

Ей, Мырзаным, Мырзаным,
Мен өзіңе ырзамын:
Адамға ақыл айтатын,
Айтқанда батыл айтатын.

Толық

Жасай бер, ана

  • 0
  • 0

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?

Толық