Өлең, жыр, ақындар

Жолдар, жолдар

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3150
Жолдар, жолдар –
Ататұғын ашық таң,
Жүрегімде ыстық қанды тасытқан.
Жанған үміт қолын бұлғап қашықтан,
Жолаушылар жеткенінше асыққан.
Жолдар, жолдар –
Бұлдыраған бір бақыт,
Кейбіреулер жүр бақытын ұрлатып.
Сапар шегер белін буып, түн қатып.
Алда күткен арманына тіл қатып.
Жолдар, жолдар –
Таныстық пен махаббат,
Жемісі мол жайқатылған бақ абат.
Алыстатып әдеттерден жат, ағат,
Жақындатар жақсылықты шапағат.
Жолдар, жолдар –
Айтар болсақ дұрысын,
Жүрген сайын арта түсер ырысың.
Жол үстінде басталады ұлы сын,
Жолсыз өткен тіршілігің құрысын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қожанасырдың кеңесі

  • 0
  • 0

Бір падиша бек қартайған шағында,
Мұрагерін қалдыруға тағында,
Шақыртыпты дана Қожанасырды,
Сүйікті ұлын келтіруге ақылға.

Толық

Өмір дәрі

  • 0
  • 0

Қалқып ішсең –
Өмір дәрі.
Шалқып ішсең –
Көңіл дәрі.

Толық

Мәңгі тірі

  • 0
  • 0

Мың тоғыз жүз жиырма төрт
Неткен ауыр жыл еді?
Халық жанын қинап дерт,
Қайғы құшты жүрегі.

Толық

Қарап көріңіз