Қол – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қол» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1364
Менің әппақ қолым бар,
Менің қат-қат жолым бар.
Ей, адамдар, қашанда
Тілектесім болыңдар.
Қонақ болсаң Құдайы,
Үйіме кеп қоныңдар
Кім шықса да көлденең,
Көңілім пәк көлдеген.
Ассалаумағалекум! –
Ақ ниетпен қол берем.
Кішілерді құрметтеп,
Үлкендерге жол берем.
Ата дәстүр салтымыз,
Ақтарылған қалпымыз.
Амандасу дегенді
Ардақтаған халқымыз.
Сырғып өтсек сәлемсіз,
Не болады парқымыз?
Тілек пенен тілектің,
Жүрек пенен жүректің
Дәнекері сияқты
Қол дегенің тірек бір.
Ғаламда бар адамға
Туыстықты тілеп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері