Өлең, жыр, ақындар

Зілзала

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1590
Отырсақ та сан рет тақыр мұзға,
Ойланбайтын көзсіз ер, батырмыз ба?
Басымызда мықтамай баспананы,
Өзімізге көр қазып жатырмыз ба?
Зілзаланың зұлматы бастан мәлім,
Талай-талай қираған тас қамалың.
Түсінгенсің Тәңірдің жазуы деп,
Болмаған соң ол кезде басқа амалың.
Тәжірибе десек те жинақталған,
Кезіміз жоқ керемет ширап қалған.
Тұрғындарға тірідей табыт болып,
Талай қала табанда қирап қалған.
Кенін қазып, жер астын қуыстадық,
Алтыны мен күмісін уыстадық.
Дей алмаймыз, бірақ та, құрылыстан
Қуат берер көңілге ту ұстадық.
Бір сілтеуден қалмаса баспанамыз,
Шықпайды ма табанда масқарамыз?
Неге ұмыта береміз,
Ертеректе
Қирағанын екі рет астанамыз?
Деп, қалай да жоспарды асырамыз,
Көпе-көрнеу шикіні жасырамыз.
Сапа қайда, ар қайда, обал қайда?
Өлімге ме?
Қайда біз асығамыз?
Аң мен құс та панасыз дала кезбе,
Зілзаланы күн бұрын алады еске.
Бейқам қала береміз неге сонша?
Билейтұғын адамды сана емес пе?
Жатқан кезде қол жетіп зор атаққа,
Қарастырып тосқауыл әр апатқа,
Қалай ғана бір амал табылмайды
Зілзаладай зобалаң алапатқа?
Ойымызды біліммен жылдап өріп,
Бөлшектедік атомды мыңға бөліп.
Осыншама табыстың қажеті не,
Зілзаладан жатсақ біз жылдам өліп.
Мақсатымыз мәңгілік ғұмыр ән боп,
Аспанға да атылдық зымыран боп.
Баста берік баспана тұрмаған соң,
Ішің удай ашиды қымыран боп.
Бабаларға ескерткіш бір кездегі –
Құламаған көне өмір кұмбездері.
Еш болмаса сондағы дәрежеге
Жетпеген бе құрылыс бұл кездегі?
Жатқан кезде қиратып гүл қаланы,
Киіз үйлер сезбеген зілзаланы.
Соған қарап соғылған күмбез біткен,
Деген сөзге бұл күнде кім нанады?
Жерім тыныш, ашық күн аспанымда,
Емес тіпті бұл менің сасқаным да.
Тұрғын үйлер тірідей табыт болып,
Басып қалып жүрмесін тас қабырға,
Өлім жетіп келеді қас қағымда...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Имандылық

  • 0
  • 0

Тек жүрсем де тек аман,
Түсінбейді көп адам.
Соншалықты несіне
Қиналамын мен оған?

Толық

Бабамыз батыр Саңырық

  • 0
  • 0

Қаралы күндер жамылып,
Тұрғанда елім тарығып,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Аттанған жауға Саңырық.

Толық

Асыл жарым, қасыңдамын

  • 0
  • 0

Асыл жарым, алыста жүрсем де, қасыңдамын,
Аяулым-ау, өзіңе жеткенше асығамын.
Тынысым да сенсің,
Ырысым да сенсің.

Толық

Қарап көріңіз