Дүниеге келдің бе?

Бұл бетте «Дүниеге келдің бе?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1717
Дүниеге келдің бе? –
Көзіңді жөн ашқаның.
Келер бәрін көргің де:
Өзен, көлін, аспанын.
Дүниеге келдің бе? –
Аяқты жөн бақаның.
Керек белес-белдің де
Асуынан асқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Балалықты тастағын.
Жырлайтын бол сен күнде
Махаббаттың дастанын.
Дүниеге келдің бе? –
Тұра тұрсын бас қамың.
Жайын ойлап елдің де,
Жөн ұрпақты шашқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Қиындықтан қашпағын.
Белді буып сен мүлде,
Тың істерді бастағын.
Дүниеге келдің бе? –
Жалын атып жас жаның.
Сырын ұғып желдің де,
Жөн жаңалық ашқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Өткізбегін босқа күн.
Айтпасын жұрт сөнді деп,
Өшпейтін із тастағын.
Дүниеге келдің бе? –
Келмес, сірә, өлгің де,
Өмір деген қас қағым.
Бәріне асық сен күнде,
Бір өлімнен басқаның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеге келдің бе? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дүниеге келдің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеге келдің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеге келдің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері