Барады күндер өтіп

Бұл бетте «Барады күндер өтіп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2433
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Тәтті ұйқыға бөленген түндер өтіп.
Көпшіліктің көңілін күпті етуде
Күйкі тірлік күнделік діңкелетіп.
Өткен күндер өтті ғой, не дейсің сен?
Жақсы-жаман кетті ғой демейсің сен.
Өткен күндер ешқашан оралмайды,
Уақытты қалайша бөгейсің сен?
Өтпесе де тамаша тойсыз түндер,
Талай-талай өтті ғой ойсыз күндер.
Ерекше бір еске алып елең етіп,
Жан болар ма таңданып: «Ой, сіз кім?» дер.
Ақын болғын, мейлі сен батыр болғын,
Ел билеген айбарлы әкім болғын.
Мақтап-мақтап көпшілік көме салар,
«Өлдің Мамай, қор болдың», пақыр болдың.
Жетің өтер, қырқың мен жылың өтер,
Бас қосуды дос-жаран ырым етер.
Ақырғы рет еске алып ас үстінде,
Содан кейін біржола күнің өтер.
Шынымен-ақ, достым-ау, өлгенің бе?
Кіргенің бе тас түнек көрге мүлде?
Еш болмаса ерте-кеш есте қалар,
Елің үшін бір нәрсе бермедің бе?
Қорықпаймын өлімнен – заңдылық қой,
Бір саңқ еткен тіршілік жаңғырық қой.
Бір Алладан басқаның бәрі өткінші,
Бола бермес өмірде мәңгілік той.
Бұл адамға бақ емес жиған мүлік,
Қала алмассың салтанат үй салдырып.
Қалады тек ел үшін еткен еңбек,
Бір Аллаға құлшылық – имандылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Барады күндер өтіп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Барады күндер өтіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Барады күндер өтіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Барады күндер өтіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері