Өлең, жыр, ақындар

Батыр баба Биназар

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1848
Сұлу Сұңқар – тамаша тау етегі,
Биназар деп жүректер лау етеді.
Жақсылығы тисін деп жақсы жанның,
Күмбезіңе көпшілік тәуетеді.
Қасиетті Биназар – батыр баба,
Бағаң артып күн сайын жатыр, баба.
Бастап едің бірлікке ел-жұртыңды,
Басшы болып қайрат пен ақылға да.
Мына жайлау, мына тау, мына дала,
Шалқыған Шу, сылдырлы бұлақ-ана.
Айналсын деп елімнің бақытына,
Шығып едің қолыңа шырақ ала.
Айналайын атыңнан ұлық бабам,
Асау Шуды бұғаулап, құрықтаған.
Дихандыққа үйретіп ел-жұртыңды,
Құм ішіне нәр бердің, бұрып тоған.
Қара бұлтын төбеден торлатқан күн,
Жаулардан да жеріңді қорғап қалдың.
Енді, міне, Хантаудың төбесінде
Ескерткіш боп міңгілік орнап қалдың.
Қастерлемес өзіңді қалмас бір жан,
Ел есінде ісің мен алмас тұлғаң.
Еңбектегі ересен ерлігіңді
Ұрпақтарың жалынды жалғастырған.
Айналайын атыңнан ұлық бабам,
Қасиетіңді қастерлеп, кім ұқпаған?
Көрген сайын қияннан күмбезіңді,
Басымды иіп, бір мезет тұрып қалам.
Батыр баба, Сұңқардың сәні болып,
Шырқаласың еліңнің әні болып.
Бір кездері бұл жерді хан жайласа,
Өзің қалдың Хантаудың ханы болып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазахабар

  • 0
  • 0

Мен – қазахабармын,
Жасырып-жаба алмаймын,
Өлімді хабарлаймын,
Мені естіп мазаланар кім?

Толық

Қыздың жасы – 18

  • 0
  • 0

Қыз деген – бір қызғалдақ,
Өркендеген өлкеміз.
Өскен гүл ғой бізге арнап,
Еркелеген еркеміз.

Толық

Сенемін саған

  • 0
  • 0

Терезені қар басып тұр,
Екеуміз отырмыз оңаша
Келер дейміз алмасып бір,
Көктемнің күндері тамаша.

Толық

Қарап көріңіз