Корейская косметика премиум класса

Аяулы Астана

Жиырма жылда бой көтерген Астанам,
Ел тізгінін жақсылыққа бастаған,
Елтұтқасы Елбасымыз көш бастар,
Жиырма жасың құт əкелсін жас қалам.
Бар əлемге паш еткенсің бас қалам,
Еуразия жүрегісің Астанам.  Сымбатыңа таң қалуда барша ел.
Сəулетіңнен ешбір қала аспаған.
Баламалы энергия көздерімен,
Болашаққа көз салып зор сеніммен,
Алға басып келеміз əлсін-əлсін.
Дəлелдеймін Президент сөздерімен.
Бастама бұл ең үлкен қазақ үшін,
Алға басып жүрейік елдер көшін,
50 елдің қолдауымен өрге тартып.
Бірегей ел боламыз барлығы үшін.
Келісім мен үйлесімнен құралған.
Еліміздің жүрегісің Астанам.
Алты алаштың теңдігінен жаралған.
Бас қаласың, гүлді шаһар Астанам.
Сары арқа төріндегі жас қаланы.
Көруге мен де бардым Астананы.
Көркемдігі соншалық көз тоймайтын,
Құп көрдім менде əсем бастаманы.


Қарап көріңіз


×