Өлең, жыр, ақындар

Құлпырып тау бөктері

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1779
Құлпырып тау бөктері,
Келді өмірдің көктемі.
Көп қарадым сен бе деп,
Қарлығашқа көктегі.
Бөлеп сәнді сазына,
Келді өмірдің жазы да.
Көп қарадым сен бе деп,
Көлдің аққу, қазына.
Сезсем-дағы күз лебін,
Үмітімді үзбедім.
Бұрымыңа баладым
Тырналардың тізбегін.
Күз де өтер, қыс келер,
Әлем әппақ түске енер.
Еске салып өзіңді,
Әлі талай құс келер.
Қалқам, келіп қайтсаңшы,
Жан сырымды байытсаңшы.
Өзің келе алмасаң,
Құстан сәлем айтсаңшы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жемқор жайлы хикая

  • 0
  • 1

Жемқор қазақтың өзінен шыққан,
«Же» және «қор» деген сөзінен шыққан.
«Же» не деген сөз?
«Аса», «же» деген сөз.

Толық

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім

  • 0
  • 0

Аңсаған асқақ арман, үміт әнім,
Мен сені қалай ғана ұмытамын?
Жарқ еткен жалынымен жанарыңның
Жанымды жабырқаңқы жылытамын.

Толық

Бір арман

  • 0
  • 0

Бұл өмірге,
Гүл өмірге келіп ем,
Есігінен ерке басып еніп ем.
Көп жасадым,

Толық