Мүмкін, сен үмітімді аз ақтарсың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мүмкін, сен үмітімді аз ақтарсың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1615
Мүмкін, сен үмітімді аз ақтарсың,
Мүмкін, сен ақын жанын азаптарсың.
Бәрібір, кінәлауға еш қақың жоқ,
Мүсәпір жағдайымды мазақтарсың.
Жырымды көңілсіздеу ақтарарсың,
Содан соң басқа жаққа аттанарсың.
Бір ақын өле-өлгенше ғашық болып,
Мен жайлы көп жазды деп мақтанарсың.
Мен-дағы міндетімді атқарармын,
Алдыңда арманымды атқарармын.
Жақсы ақын жасады деп мені бір қыз,
Ырза боп о дүниеге аттанармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері