Ленин ескерткішіне – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ленин ескерткішіне» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1711
Қараңдар Лениннің тұрысына,
Әр істің қолын сілтеп "дұрысына".
Тұрған соң туралықтың туын тұтып,
Дүниенің кетті аты төрт бұрышына.
Аспанға ажал құсы алды да ұшты,
Халық үшін құрал, сайман құрысына.
Жазы, қыс жатсақ, тұрсақ жабығамыз,
"Ер ед" деп елдің туған ырысына.
Енді оның өсиетін орындайық,
Қызықпай қу дүниенің мырышына.

1927.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері