Сағат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сағат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1341
Құрбым сағат ұсынды:
«Тексерші, – деп, – тоқтады».
Сыннан өту бұ сынды
Маған оңай соқпады.
Бар тетігін тексеріп,
Ақырында жүргіздім.
Әрең өттім екшеліп,
Сынағынан бұл қыздың.
Сонда боп бар тілегім,
Күнде көрем сағатты.
Сол сағатпен жүрегім
Бір соғып, бір таң атты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері