Жалт етіп қара көзің, көп қарадың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалт етіп қара көзің, көп қарадың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2238
Жалт етіп қара көзің, көп қарадың,
Сол бір кеш жүрегіме от қаладың.
Қиылып сонша неге қадаласың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?
Ұқсатқан маған, әлде жоқ па адамың?
Өзіңсің, бірақ, менің тоқтағаным.
Толқысаң туған айдай таң алдында,
Келеді төсіңе гүл-шоқ қадағым.
Келеді төсіңе гүл-шоқ қадағым,
Өзіңсің аңсап келіп тоқтағаным,
Қадалса қара көзің қарақаттай,
Сол замат шын бақытты боп қаламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері