Этнографиялық өлеңдер – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Этнографиялық өлеңдер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 655
Менің ғажап кеңпейіл байтақ жұртым,
Көпке аян мол-ақ қой дәстүр-ғұрпың.
Солардың бар ішінде кереметі
Мақтанышпен әлемге айтар бұл күн.
Жетпесе де кітап боп бізге хаты,
Салт-дәстүрге жазылған айтар даты.
Ізгілерден із болып қалып келген
Ұрпағына бабалар аманаты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері