Уын төгіп тіліңнің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Уын төгіп тіліңнің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Уын төгіп тіліңнің,
Қорламағың кім еді?
Қорғаның еткен іріңнің
Тегін жұрт түгел біледі.
Анасын теуіп ойнайды,
Көргенсіз бала деген бар.
Соның кебін кигенің
Емес пе шырақ, өзіне ар?
Ол да өзіңнің тарихың,
Өткенге, ұқсаң, осқырма!
Ортаңда отыр дұшпанын
Таба боп егес бос құрма.
Әуелде құдай жаратқан,
Құл емес оны адам қып.
Құл атын берген қорлағыш,
Жатып ішер надандық.
Кімнің де болса түп-тегі
Адамдығы танытар.
Хикметтерді не түрлі
Тек жүрегі ізгі жан ұғар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері