Бар қызығым өзіңмен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бар қызығым өзіңмен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 2
  • 1870
Бар қуаныш, бар қызығым өзіңмен.
Таса қылғым келмейді еш көзімнен.
От жанарың жүрегімді жаралап,
Тұнық түнім болды ма әсте көз ілген?
Қиын екен ауса адамның аңсары,
Кірпік қақпай атты талай таң сәрі.
Бұл – бақыттың бастамасы тек қана,
Келер күннің көрсетері қанша әлі?
Жүрсем-дағы қай шетінде өмірдің,
Сен тұрасың ай шетінде көңілдің.
Аймалаған алтын күндей әлемді,
Келеді тек саған нұр боп төгілгім.


Пікірлер (2)

Бека

Жаттап алгам гений боламба?

Khulan

Жоқ сен бекасыңғой

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері