Құдайым сені ғажап мүсіндеген – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Құдайым сені ғажап мүсіндеген» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1344
Құдайым сені ғажап мүсіндеген,
Оны ешкім менен артық түсінбеген.
Қадалып біреу саған қарай қалса,
Өң түгіл қызғанамын түсімде мен.
Бір сәтке меніменен ісің болмай,
Тілдессең әлдекіммен, түсім қалмай,
Өртеніп кете жаздап қызғаныштан,
Тәңірден деп тілеймін: «түсім болғай».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері