Қалқам-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қалқам-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2129
Қыздары қазағымның сұлу неткен?
Секілді таңғажайып сұлу көктем.
Келісті келбетімен, қылығымен
Жаныңды жадыратып, жылу төккен.
Мың құбылған тотыдай,
Жанарының отын-ай!
Ондай қыздар өзекті
Өртеп кетер, опыр-ай!
Қалқам-ай.
Қаламқас, құралай көз, ақша маңдай,
Тұлғасы тұнықтағы ақ сазандай.
Тістері – тізіп қойған інжу-маржан,
Теңеу бар тең келетін басқа қандай?
Мың құбылған тотыдай,
Жанарының отын-ай!
Ондай қыздар өзекті
Өртеп кетер, опыр-ай!
Қалқам-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері