Сұлулық – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сұлулық» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4225
– Сұлулық –
Дүниені ұстап тұр,–
Деп едім.
Астына алды ол қыспақтың:
– Казинода сатылатын салдақы
Сол сұлуды құшпақ кім?
Келдідағы одан әрі талдағым:
– Дүниені ұстап тұрған
Сонда кім,
Сұлулыққа құмартқан,
Қайда қалмақ арманым?–
Дедім тағы.
– Дүниені ұстап тұрған –
Өсектер,
Өсек болып торын құрған–
Есептер.
Есеппенен айналады Жер шары,
Түкте емес сұлулыққа аңсарың.–
Дегені.
...Өмір сенің тылсымың
Неткен көп еді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері